2026 жылғы 29 қыркүйекте «Облыстық жедел медициналық көмек орталығында» шақыртуларды қабылдау диспетчерлері мен аға дәрігерлер арасында «Жедел жәрдем шақыру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша семинар өткізілді. Семинарды директордың ҰӘЖ жөніндегі орынбасары С.А. Ким, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары В.В. Жужгов пен дәрігер - сарапшы В.И. Вовк өткізді.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- «Жедел жәрдем шақыру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
- Шақыртуды қабылдау кезінде медицина қызметкерінің этикасы мен деонтологиясы.
- Жұмыста жіберілген қателерді талдау.
«ОЖМКО» - да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында шақыртуларды қабылдау кезінде қолданылатын алгоритмдер тұрақты түрде пысықталып отырады. Жедел медициналық жәрдем шақыру Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және шетелдіктерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
https://ambulance-sko.edugov.kz/kz/memlekettik-yzmetter.html#sigFreeIda197889c70
03.06.2026 ж. Облыстық жедел медициналық көмек орталығында шақыртуларды қабылдау диспетчерлері мен аға дәрігерлерге арналған «Жедел медициналық жәрдем шақыру» мемлекеттік қызметін көрсету тақырыбында семинар өтті. Семинарды директордың ҰӘЖ жөніндегі орынбасары С.А.Ким, директордың медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары С.А.Кашемирова, дәрігер - сарапшы В.И. Вовк жүргізді. Күн тәртібінде «Жедел медициналық көмек шақырту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары, шақыртуды қабылдау кезіндегі медицина қызметкерінің этикасы мен деонтологиясы, сондай - ақ жіберілген қателіктерге талдау жасау мәселелері қарастырылды. «ОЖМКО» - да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында шақыртуларды қабылдау алгоритмдерін пысықтау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Жедел медициналық көмек шақырту қызметі Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына және шетел азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
https://ambulance-sko.edugov.kz/kz/memlekettik-yzmetter.html#sigFreeIdc09403c2e1
05.12.2025 жылы «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы» ШЖҚ КМК-да «Жедел медициналық көмек шақырту» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өтті.
Диспетчерлерге шақыруды қабылдау бойынша стандарт айтылды, жеделдік санатын анықтау бойынша алгоритм пысықталды, қоңырауларды қабылдау кезінде анықталған ақаулар көрсетілді. Семинарды директордың ҰӘЖ жөніндегі орынбасары С.А.Ким, директордың емдеу бөлімі жөніндегі орынбасары В.В.Жужгов, қосалқы станция меңгерушісі С.А.Кашемирова өткізді.
Іс-шара «Облыстық жедел медициналық көмек орталығында» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағытталған.
https://ambulance-sko.edugov.kz/kz/memlekettik-yzmetter.html#sigFreeId9bdba909b7
2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы талдамалық ақпарат
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы
Орындалған мемлекеттік қызметтер
Жедел медициналық көмек шақырту мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізімі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 32 бұйрығы
















